KZ
1 шілде 2025, 02:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.01.2025 17:19 #KASE жаңалықтары

15 қаңтарда KASE 2024 жылдағы қызметінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізеді

/KASE, 14.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 15 қаңтарында сағат 11:00-де 2024 жылы қазақстандық биржалық нарық жұмысының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы өтетінін хабарлайды, оның барысында KASE және KASE Клиринг орталығының (KACC) қызметі, капитал нарығындағы трендтер, сондай-ақ іске асырылғандар туралы және жаңа стратегия шеңберінде , сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарлар туралы ақпарат ұсынылатын болады.

Іс-шара спикерлері – KASE Басқармасының Төрайымы Алина Алдамберген және KASE Клиринг орталығының Басқарма Төрайымы Наталья Хорошевская.

Баспасөз конференциясына қатысу үшін БАҚ өкілдері pr@kase.kz пошта арқылы немесе +7 777 577 5533телефон нөмірі бойынша аккредиттеуден өтуі қажет.

Аталған іс-шара Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE баспасөз бөлмесі мекен-жайы бойынша өткізіледі. Тіркелген мүшелерге Zoom-ға сілтеме (шақыру) жіберіледі.

KASE журналистермен тұрақты кездесулер өткізу оның ақпараттық саясатының ашықтығы пен айқындығының бір бөлігі болып табылады.

[2025-01-14]