15 қаңтарда KASE 2024 жылдағы қызметінің қорытындысы бойынша
баспасөз конференциясын өткізеді
14.01.25 17:19
/KASE, 14.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
15 қаңтарында сағат 11:00-де 2024 жылы қазақстандық биржалық нарық
жұмысының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы өтетінін
хабарлайды, оның барысында KASE және KASE Клиринг орталығының
(KACC) қызметі, капитал нарығындағы трендтер, сондай-ақ іске
асырылғандар туралы және жаңа стратегия шеңберінде , сондай-ақ 2025
жылға арналған жоспарлар туралы ақпарат ұсынылатын болады.
Іс-шара спикерлері – KASE Басқармасының Төрайымы Алина Алдамберген
және KASE Клиринг орталығының Басқарма Төрайымы Наталья
Хорошевская.
Баспасөз конференциясына қатысу үшін БАҚ өкілдері pr@kase.kz пошта
арқылы немесе +7 777 577 5533телефон нөмірі бойынша аккредиттеуден
өтуі қажет.
Аталған іс-шара Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers"
көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE баспасөз
бөлмесі мекен-жайы бойынша өткізіледі. Тіркелген мүшелерге Zoom-ға
сілтеме (шақыру) жіберіледі.
KASE журналистермен тұрақты кездесулер өткізу оның ақпараттық
саясатының ашықтығы пен айқындығының бір бөлігі болып табылады.
[2025-01-14]