15 қаңтардан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00012925 (MFMOb11) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

14.01.25 16:15
/KASE, 14.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 15 қаңтарынан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00012925 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFMOb11; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 13.01.25 – 13.01.26; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2025-01-14]