/KASE, 10.01.25/ – Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің (KASE
немесе Биржа) 2024 жылдың 20 желтоқсанындағы шешімімен 2025 жылдың
01 ақпанынан бастап қолданысқа енгізілетін "Биржалық ақпаратты тарату
ережелері" (режелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 16 өзгертулер
мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.
Түзетулер "Бағалы қағаздардың нарықтық бағалары" және "KASE индекстері
мен индикаторлары" атты KASE жаңа ақпараттық өнімдерінің іске қосылуына
байланысты енгізілді.
"Бағалы қағаздардың нарықтық бағалары" ақпараттық өнімі API (Application
Programming Interface) арқылы күнделікті негізде нарықтық бағаларды
автоматтандырылған түрде ұсынуда, сондай-ақ шексіз кезеңдегі нарықтық
бағалардың мұрағаттық мәндерін ұсынуды көздейді.
"Бағалы қағаздардың нарықтық бағасы" ақпараттық өнімі үшін алымдар
мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының резиденттері үшін 12 АЕК және
шетелдік компаниялар үшін ай сайын 90 АҚШ долларын құрайды.
"KASE индекстері мен индикаторлары" ақпараттық өнімін ұсыну шеңберінде
индекстер мен индикаторлардың мәндері туралы ақпаратты, сондай-ақ
олардың өкілдік тізімдері туралы деректерді беру API арқылы жүзеге
асырылатын болады.
KASE "KASE индекстері мен индикаторлары" ақпараттық өнімін ұсынғаны
үшін алымдардың мынадай мөлшерлемелерін белгіледі:
- деректерді тарату құқығысыз – Қазақстан Республикасының
резиденттері үшін 15 АЕК және шетелдік компаниялар үшін ай сайын
115 АҚШ доллары;
- деректерді тарату құқығымен – Қазақстан Республикасының
резиденттері үшін 20 АЕК және шетелдік компаниялар үшін ай сайын
150 АҚШ доллары.
Нарықтық бағалар, сондай-ақ биржа есептейтін индекстер мен
индикаторлар KASE
https://kase.kz/ интернет-ресурсында "Нарықтар мен
сауда-саттық" – "Бағалау және параметрлер" және "Нарықтар мен сауда-
саттық" - "Индикаторлар" бөлімдерінде бұрынғы форматта қолжетімді.
Ережелердің 19 бабына сәйкес KASE тегін тарататын биржалық ақпаратты
кез келген тұлғаның ақпараттық өнімдеріне енгізу және/немесе мұндай
ақпаратты тұрақты тарату (мысалы, тұрақты таратулар немесе Интернет
желісінде тарату түрінде) Биржамен тиісті келісім-шарт жасасқан кезде
немесе осындай таратудың шарттары мен мерзімін көрсете отырып,
Биржадан жазбаша рұқсат болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме
бойынша жарияланған
https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Ақпарат" қалташасы).
[2025-01-10]