08 қаңтарда Қазақстан қор биржасында есептесуі 10 қаңтарда болатын МЕУКАМ KZKD00000444 (MUM180_0004) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

08.01.25 15:26
/KASE, 08.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың 10 қаңтарында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00000444 (MUM180_0004) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент, кесімді бағаны номиналды 88,5807 % (кірістілік – жылдық 13,85 %) деңгейінде белгілеп, номиналды құны бойынша жалпы сомасы 44 001 046 000 теңгені құрайтын өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа алынған таза баға номиналды құнның 88,7310 %-ын құрады (кірістілік – жылдық 13,73 %). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 10 қаңтарда болатын, өтеуге дейін мерзімі 1,6 жыл МЕУКАМ KZKD00000444 (MUM180_0004) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтеді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1535053/ [2025-01-08]