KZ
16 шілде 2025, 05:58
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.01.2025 16:17 #Қаржы құралдары

06 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында Invesco QQQ Trust, Series 1 US46090E1038 (QQQ_KZ) ETF бағалы қағаздарының сауда- саттығы тоқтатылады

/KASE, 05.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 06 қаңтарынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 24 наурызына келеді жыл және одан кейінгі күндерге келетін, Invesco QQQ Trust, Series 1 US46090E1038 ("KASE Global" секторы, QQQ_KZ) ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 24 наурызында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың 26 наурызынан бастап қайта басталады.

[2025-01-05]