30 желтоқсаннан бастап "Halyk Finance" АҚ-на "Қазақстан Халық
Банкі" АҚ KZ2C00012482 (Hsbkb22) "жасыл"облигациялары бойынша
KASE-де маркет-мейкер мәртебесіне ие болды
30.12.24 09:57
/KASE, 30.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 30 желтоқсанынан бастап "Halyk Finance
"Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ (Алматы, тақырыбында –
"Halyk Finance" АҚ) оның өтініші негізінде "Қазақстан Халық Банкі" АҚ
(Алматы) KZ2C00012482 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты",
HSBKb22) "жасыл" облигациялары бойынша KASE-де маркет-мейкер
мәртебесі берілді.
[2024-12-30]