"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ алғаш рет аграрийлерді қаржыландыру мақсатында ESG облигацияларын орналастырды

27.12.24 14:52
/KASE, 27.12.24/ – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (KASE тикері – BTRK) KASE-ге былай деп хабарлады: дәйексөздің басы 2024 жылдың 26 желтоқсанында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KASE алаңында жалпы көлемі 100 млрд теңгені құрайтын дебюттік "әлеуметтік" облигацияларын орналастырды. Тартылған қаражат "Кең дала 2" бағдарламасы аясында Аграрлық несие корпорациясы арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын (КЕЖЖ) жүргізуге бағытталады. Аталған ESG шығарылымы тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келеді және оң әлеуметтік маңызды нәтижелерге қол жеткізу мақсатында КЕЖЖ уақтылы жүргізу үшін фермерлерге жеңілдікпен несие беруді көздейді.. дәйексөздің соңы Қазақ және орыс тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_relizs_261224_1.pdf [2024-12-27]