"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00012987 (BTRKb18) және KZ2C00012995 (BTRKb19) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
/KASE, 25.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 25 желтоқсанында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі "АҚ (Астана) келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2C00012987 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 15 ай; жарты жылдық купон; облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады;30/360), түрі- әлеуметтік облигациялар, сауда-саттық коды – BTRKb18;
- KZ2C00012995 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 15 ай; жарты жылдық купон; облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады;30/360), түрі- әлеуметтік облигациялар, сауда-саттық коды – BTRKb19.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2023 жылдың 23 қазанында 1,5 трлн теңге сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ тоғызыншы облигациялық бағдарламасы шеңберінде 15-ші және 16-шы болып табылады.
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "First Heartland Jusan Invest" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.
[2024-12-25]