05 қаңтардан бастап "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесіне тікелей қол жеткізуді ұсыну ережелері және Биржаның сауда-саттық жүйелеріне қол жеткізуді ұсыну ережелеріне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

25.12.24 15:56
/KASE, 25.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 20 желтоқсанындағы шешімімен бекітілген: - "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесіне тікелей қол жеткізуді ұсыну ережелері (Ережелер); - Биржаның сауда-саттық жүйелеріне қол жеткізуді ұсыну ережелеріне № 3 (түзетулер) өзгертулер мен толықтырулар. Ережелер мен түзетулер 2025 жылдың 05 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Ережелер мен түзетулер KASE-тің Tabadul digital Exchange Hub цифрлық биржалық хабына қосылуына байланысты әзірленді. Бұдан басқа, Ережелерде DMA жүйесін KASE сауда-клирингтік жүйелеріне қосудың техникалық қателіктерін анықтау мақсатында DMA жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен аталған жүйелер мен сауда-саттыққа қатысушыларға ықтимал залалды азайту үшінKASE сауда-клирингтік жүйелерімен өзара іс-қимыл жасайтын және оларда мәмілелер жасауға арналған (бұдан әрі - DMA жүйесі) KASE мүшесінің бағдарламалық-техникалық құралдар кешенін сертификаттаудан міндетті түрде өту белгіленген. Сертификаттау бұрын KASE мүшелері пайдаланбаған жаңа DMA жүйелері үшін және қолданыстағы жүйелерге пысықтау үшін міндетті процедура болып табылады. Осы сертификаттаудан өтпеген жағдайда KASE мүшелері DMA жүйесін пайдалануға тыйым салынады. 2025 жылдың 05 қаңтарынан бастап Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына тікелей қол жеткізуді ұсыну ережелерінің күші жойылды деп танылады. Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/kz/kase_rules/ ("Сауда-саттық" қалташасы). [2024-12-25]