KASE Басқармасы Қара теңіз сауда және даму банкінің (Black Sea Trade and Development Bank) KZX000002183
(BSTD_Kse1) халықаралық облигацияларын негізгі алаңның
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы
шешім қабылдады
25.12.24 15:21
/KASE, 25.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2024 жылдың 25 желтоқсанында Қара теңіз сауда және даму банкінің
(Black Sea Trade and Development Bank) (Греция) KZX000002183 ($100,0 млн;
01.07.24 – 01.07.29; жарты жылдық купон, жылдық 6,25%; 30/360) халықаралық
облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE
ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын
болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға BSTD_KZe1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Қара теңіз сауда және даму банкінің (Black Sea Trade and Development Bank)
негізгі қызметі – банктік, инвестициялық қызмет.
Аталған облигациялар "Астана" халықаралық қаржы орталығының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2024-12-25]