25 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында US5951121038 (MU_KZ) Micron Technology, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

24.12.24 17:37
/KASE, 24.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 желтоқсанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 30 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Micron Technology, Inc. (АҚШ) US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 30 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 05 қаңтарынан бастап қайта басталады. [2024-12-24]