20 желтоқсаннан бастап Мүшелік туралы қағидаға және Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар туралы, кепілмен қамтамасыз етуді есепке алу үшін комиссиясы туралы қағидаға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізілді

24.12.24 14:55
/KASE, 24.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 20 желтоқсанындағы шешімімен KASE ішкі құжаттарына мынадай түзетулер бекітілді: - Мүшелік туралы қағидаға № 11 өзгертулер мен толықтырулар; - Мүшелік жарналар, биржалық және клирингтік алымдар, кепілмен қамтамасыз етуді есепке алу үшін комиссия туралы қағидаға № 22 өзгерту және толықтыру. Бұл түзетулер 2024 жылдың 20 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілді. Мүшелік туралы қағидаға енгізілген түзетулер KASE-тің Tabadul Digital Exchange Hub цифрлық биржалық хабына қосылуына байланысты KASE шетелдік мүшелерінің мүшелік шарттары мен тәртібін өзектендіру мақсатында енгізілді. Сонымен қатар, құжаттардың мәтіндеріне нақтылау және редакциялық түзетулер енгізілді. Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Мүшелік"). [2024-12-24]