"ForteBank" АҚ KZ2C00004364 (ASBNb30) облигацияларын өтеді
23.12.24 18:22
KASE, 23.12.23/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) 2024 жылдың
20 желтоқсанында KZ2C00004364 (ASBNb30) облигацияларын өтеп,
облигациялар бойынша соңғысы – жетiншi купондық сыйақы төледі.
Төлем сомасы 228 800 000 000 теңгені, оның ішінде негізгі борыш –
220 000 000 000 теңгені, жетiншi купондық сыйақы – 8 800 000 000 теңгені
құрады.
[2024-12-23]