/KASE, 18.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2024 жылдың 12 желтоқсанындағы шешімімен бекітілді:
- "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің DMA жүйелеріне және оларды
пайдалануға қойылатын талаптар (Талаптар) жаңа редакцияда;
- DMA жүйесін сертификаттау жөніндегі нұсқаулық (Нұсқаулық);
- Қашықтан қол жеткізу тәртіптемесінде сауда-клирингілік жүйемен
жұмыс істеу ережелеріне енгізілген № 2 өзгертулер мен толықтырулар;
- "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына,
сауда-саттық жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар
эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы
нұсқаулыққа енгізілген № 14 өзгертулер мен толықтыру.
Жаңа редакциядағы Талаптар, Нұсқаулық және көрсетілген түзетулер KASE
Tabadul digital Exchange Hub цифрлық биржалық хабына қосылуына
байланысты әзірленді.
Талаптар, Нұсқаулық, және "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және
олардың шоттарына, сауда-саттық жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы
қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі
туралы нұсқаулыққа енгізілген түзетулер 2025 жылдың 05 қаңтарынан
бастап, сауда-клирингілік жүйемен қашықтан қол жеткізу тәртіптемесінде
жұмыс істеу ережелеріне енгізілген түзетулер – бекітілгеннен кейінгі 15
күнтізбелік күн өткеннен кейін (2024 жылдың 28 желтоқсанынан бастап)
қолданысқа енгізіледі.
2025 жылдың 05 қаңтарынан бастап "Қазақстан қор биржасы" АҚ
мүшелерінің DMA жүйелеріне және оларды пайдалануға қойылатын
талаптардың қолданыстағы редакцияда күші жойылды деп танылады.
Жаңа редакциядағы Талаптар, Нұсқаулық және жоғарыда көрсетілген
құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына
сілтеме бойынша жарияланатын болады
http://kase.kz/ru/kase_rules/
("Сауда-саттық" қалташасы).
[2024-12-18]