"Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00010184 (ORBSb1) облигациялары айналым
мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
18.12.24 09:22
/KASE, 18.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
18 желтоқсанынан бастап "Orbis Leasing" ЖШС (Алматы) KZ2P00010184
(KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, ORBSb1; 1 000 теңге,
1,0 млрд теңге; 11.12.23 – 18.12.24; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %;
30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2023 жылдың 13 қарашасынан бастап баламалы
алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді.
Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 14 желтоқсанынан бастап ашылды.
[2024-12-18]