"ForteBank" АҚ KZ2C00004364 (ASBNb30) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

17.12.24 09:22
/KASE, 17.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 17 желтоқсанынан бастап "ForteBank" АҚ (Астана) KZ2C00004364 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ASBNb30; 1 000 теңге, 220,0 млрд теңге; 13.09.18 – 15.12.24; жылдық купон, жылдық 4,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2018 жылдың 01 қарашасынан бастап ашылды. [2024-12-17]