Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE биржалық нарықтың 2024 жылдың қарашасындағы жұмысын қорытындылады
/KASE, 13.12.24/ – Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE, Биржа) 2024 жылдың қарашасындағы қызметінің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы қарашада 29,6 трлн теңгені құрап, қазан айымен салыстырғанда 18,2 %-ға немесе 6,6 трлн теңгеге төмендеді.
- KASE Индексінің мәні қарашада 6,0 % өсті және айдың соңына қарай 5 524,76 тармақты құрады.
- Акциялар нарығын капиталдандыру 3,0 %-ға 32,6 трлн теңгеге дейін өсті, сатылатын корпоративтік борыш көлемі 0,5 %-ға 13,7 трлн теңгеге дейін төмендеді.
- Қараша айында листинг процедурасынан екі жаңа эмитенттің корпоративтік облигациялары өтті.
- 2024 жылдың 01 желтоқсанындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 257 эмитенттің 746 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды.
Бағалы қағаздар, шетел валюталары, ақша, репо және валюталық своп операциялары, деривативтер нарықтарының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE пресс-релизінде ұсынылған:
[2024-12-13]