KASE биржалық нарықтың 2024 жылдың қарашасындағы жұмысын қорытындылады

13.12.24 18:05
/KASE, 13.12.24/ – Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE, Биржа) 2024 жылдың қарашасындағы қызметінің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды. - KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы қарашада 29,6 трлн теңгені құрап, қазан айымен салыстырғанда 18,2 %-ға немесе 6,6 трлн теңгеге төмендеді. - KASE Индексінің мәні қарашада 6,0 % өсті және айдың соңына қарай 5 524,76 тармақты құрады. - Акциялар нарығын капиталдандыру 3,0 %-ға 32,6 трлн теңгеге дейін өсті, сатылатын корпоративтік борыш көлемі 0,5 %-ға 13,7 трлн теңгеге дейін төмендеді. - Қараша айында листинг процедурасынан екі жаңа эмитенттің корпоративтік облигациялары өтті. - 2024 жылдың 01 желтоқсанындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 257 эмитенттің 746 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды. Бағалы қағаздар, шетел валюталары, ақша, репо және валюталық своп операциялары, деривативтер нарықтарының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE пресс-релизінде ұсынылған: - https://kase.kz/files/press/ru/13_12_2024_Itogi_november_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/13_12_2024_Itogi_november_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/13_12_2024_Itogi_november_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-12-13]