13 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында JPMorgan Chase &
Co. US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылады
12.12.24 18:15
/KASE, 12.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
13 желтоқсанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2025 жылдың 06 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
JPMorgan Chase & Co. (АҚШ) US46625H1005 ("KASE Global" секторы,
JPM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2025 жылдың 06 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 08 қаңтарынан
бастап қайта басталады.
[2024-12-12]