/KASE, 12.12.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін KASE сауда-саттық
жүйесінде "Orbis Leasing" ЖШС (Алматы) KZ2P00012743 (KASE баламалы
алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, ORBSb3) облигацияларын
төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
-------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2P00012743
KASE сауда-саттық коды: ORBSb3
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, теңге:
– тіркелген: 1 000 000 000
– орналастырылған (номиналы бойынша): –
Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналастыру
бойынша алғашқы жүзеге асқан
сауда-саттықтың күні
Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады
Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады
Айналыс мерзімі: 360 күн
Купон мөлшерлемесі: облигацияларды орналастыру
бойынша алғашқы жүзеге асқан
сауда-саттықтың нәтижесінің негізінде
Купонды төлеу мерзімділігі: ай сайын
Купон төлеуді бастау күні кейінірек анықталады
Уақыттық базасы: 30 / 360
----------------------------------------- -------------------------------------
Сауда-саттық күні: 12.12.24
Орналастырудың жарияланған көлемі, 1 000 000 000
АҚШ доллары:
Лот мөлшері, дана: 1
Сауда-саттық заты: купон мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:00–12:30
Өтінімдерді растау уақыты: 11:00–13:00
Кесімдеу уақыты: 15:00 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты: 12.12.24, 15:00
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан жоғары өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау
қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Сентрас Секьюритиз" АҚ
-------------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен көрсеілген купон
мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың саны
данамен көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне
тең немесе еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.
Мәміле көлемі облигациялардың кірістілігін және облигациялармен
жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес
есептеледі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf
Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем
уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/membership.
Сауда-клирингтік жүйелерде Сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағида
мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/kz/bonds/show/ORBSb3/
[2024-12-12]