KASE" Фридом Банк Қазақстан "АҚ арналған "Эмитент күнін" өткізді

11.12.24 16:00
/KASE, 11.12.24/ – 2024 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эмитент күні" жобасы шеңберінде "Фридом Банк Қазақстан" АҚ басшылығының инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ-пен кездесуін өткізді. Кездесу барысында "Фридом Банк Қазақстан" АҚ Басқарушы директоры Фархат Сәрсекеев Банктің 2024 жылғы тоғыз айдағы негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша ақпарат ұсынды, Даму стратегиясы мен экономиканың нақты секторындағы компанияларды қаржыландыру жоспарлары туралы айтты. Сондай-ақ, ол Душанбеде "Фридом Банк Тәжікстан" ЖАҚ еншілес банкін ресми түрде ашу жоспарларымен бөлісті, Freedom SuperApp жаңа мобильді қосымшасының кең мүмкіндіктерін атап өтті. "Фридом Банк Қазақстан" АҚ трейдинг департаментінің директоры Ержан Орынбеков облигацияларды KASE-ге орналастыру туралы айтты. Іс-шара туралы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/ru/events/show/2024/freedombank_dec_2024/ [2024-12-11]