/KASE, 11.12.24/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) KASE-ге былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
«ForteBank» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 05 желтоқсандағы
шешіміне сәйкес Банк Басқармасында Басқарма мүшелері - басқарушы
директорлар лауазымдарына тағайындау үшін Алма Әбілжанованың, Ануар
Болғауовтың, Нәріман Жарқынбаевтың, Сергей Карташовтың, Анна
Пилипенконың, Ернар Тәшеновтың кандидатуралары қаралды және
мақұлданды. Лауазымдарға тағайындауға Қазақстан Республикасының
уәкілетті органы – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің
келісімін алған күннен бастап Банк Басқармасының жаңа мүшелері
қызметтеріне тағайындалады.
Басқарманың жаңа мүшелері - басқарушы директорлары А.М. Әбілжанованы,
Ә.Т.Болғауовты, Н.Ғ. Жарқынбаевты, А.В. Пилипенконы, С.И. Карташовты,
Е.Б. Тәшеновты тағайындауға (сайлауға) Қазақстан Республикасының
уәкілетті органы – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің
келісімін алған күннен бастап «ForteBank» АҚ Басқармасының мүшелері -
Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Гаухар Бисембиеваның,
Басқарма Төрағасының орынбасары Амырхан Чиканаевтың, Басқарма
Төрағасының орынбасары Айдын Ауезқановтың, Басқарушы директор Астан
Сагитовтың өкілеттіктері тоқтатылады.
дәйексөздің соңы
Пресс-релиздің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы
орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_101224_2.pdf
[2024-12-11]