/KASE, 11.12.24/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) KASE-ге былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
Қуанышев Талғат Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және
қадағалау Агенттігінің келісімі арқылы 2024 жылғы 06 желтоқсаннан бастап
"ForteBank" АҚ Басқарма мүшесі - Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
Қуанышев Талғат Жұманұлы бірнеше екінші деңгейдегі банктерде басшылық
лауазымдарда үлкен тәжірибесі бар. Республиканың қаржы секторындағы
мансабын 1994 жылы бастады. "АТФБанк" АҚ, "Банк Kassa Nova" АҚ, "АТФ
Лизинг" АҚ, "ForteBank" АҚ сияқты қаржы институттарын табысты басқарды.
2023 жылдың мамыр айынан бастап "ForteBank" АҚ Директорлар кеңесінің
мүшесі, Тәуелсіз директор болды.
"ForteBank" - активтері бойынша елдің төртінші коммерциялық банкі.
дәйексөздің басы
Пресс-релиздің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы
орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_101224_1.pdf
[2024-12-11]