11 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында SALESFORCE.COM
Inc US79466L3024 (CRM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
10.12.24 17:39
/KASE, 10.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
11 жетоқсанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2024 жылдың 18 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес
келетін, SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 ("KASE Global" секторы,
CRM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 12 бабы 1 тармағының
13) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 18 желтоқсанында
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу
жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 20 желтоқсаннан
бастап қайта басталады.
[2024-12-10]