10 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Verizon Communications Inc. US92343V1044 (VZ_KZ) жай акцияларының сауда- саттығы тоқтатылады

09.12.24 17:17
/KASE, 09.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 10 желтоқсанынан бастап есеп айырысу күні 2025 жылдың 10 қаңтарына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесеріндегі репо операциялары бойынша Verizon Communications Inc. US92343V1044 ("KASE Global" секторы, VZ_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 10 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап қайта басталады. [2024-12-09]