KZ
16 шілде 2025, 03:22
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.12.2024 10:33 #KASE жаңалықтары

АНОНС: 11 ЖЕЛТОҚСАНДА KASE "ФРИДОМ БАНК ҚАЗАҚСТАН" АҚ АРНАЛҒАН "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

/KASE, 09.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 11 желтоқсанында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде "Фридом Банк Қазақстан" АҚ басшылығымен гибридті форматта кездесу өтетінін хабарлайды, ол ZOOM-да онлайн және инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін офлайн режимінде қолжетімді болады.

Іс-шараның басталуы – Алматы қ.уақыты 11:00, Өтетін орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1-қабат, KASE баспасөз бөлмесі.

Кездесу барысында "Фридом Банк Қазақстан" АҚ өкілдері 2024 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелермен таныстырады, сондай-ақ корпоративтік кредиттеуді дамыту, "Фридом Банк Қазақстан" АҚ-ның негізгі басымдықтары мен Даму стратегиясы туралы әңгімелейді.

Іс-шара спикерлері:

  • Фархат Сәрсекеев, "Фридом Банк Қазақстан" АҚ Басқарушы директоры;
  • Ержан Орынбеков, "Фридом Банк Қазақстан" АҚ Трейдинг департаментінің директоры.

Кездесуге офлайн қатысу үшін тіркеу деректерін жазыңыз customers@kase.kz.

[2024-12-09]