"Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" МФО" ЖШС KZ2P00010200
(MFMOb3) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
05.12.24 10:22
/KASE, 05.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
05 желтоқсанынан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)"
МФО" ЖШС (Алматы) KZ2P00010200 (KASE баламалы алаңы,
"коммерциялық облигациялар" санаты, MFMOb3; 1 000 теңге; 2,5 млрд
теңге; 05.12.23 – 05.12.24; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360)
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2023 жылдың 01 қарашасынан бастап баламалы
алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 01 желтоқсанынан
бастап ашылды.
[2024-12-05]