KASE өзінің интернет-ресурсында Қазақстанның қызмет көрсету саласының PMI индексінің Freedom Holding Corp. ұсынған қараша айына шолуын жариялады

04.12.24 15:22
/KASE, 04.12.24/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2024 жылдың қарашасындағы Қазақстанның қызмет көрсету секторының іскерлік белсенділік индексінің (PMI) шолуын ұсынды. Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100% еншілес компаниясы) қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтың түсініктемесі берілген. "Қарашада жаңа тапсырыстар саны айтарлықтай өсуіне орай, Қазақстанның қызмет көрсету салаларындағы іскерлік белсенділік қалпына келе бастағаны байқалды. Қызмет көрсетушілер маркетиң науқанының табысты болғанын, жаңа өнімдер ұсынылғанын және сұраныс артқанын атап өтті. Салаға қажет еңбек күші жасақталып, өткен аймен салыстырғанда жұмысқа алу қарқыны анағұрлым бір қалыпты болды. Кейбір шығындар мен коммуналды қызмет ақысының артуына қарамастан, инфляциялық қысымның ұзақ мерзімді бәсең болуы саланың бәсеке қабілетін күшейтуге ықпал етті. Кей жағдайларда бұл фактор қызмет ақысын төмендетуге мүмкіндік берді. Таяу болашаққа деген сенім тарихи деңгейден асып түсіп, екінші ай қатарынан жақсарды. Бұл өсімге серпін берген негізгі орлар – инвестицияның ұлғаюы, маркетиң стратегияларының жүзеге асуы, жаңа өнімдер шығару және сұраныстың артуы". Қазақ тіліндегі шолу – https://kase.kz/files/presentations/kz/KZ_Services_KAZ_2411_PR.pdf Орыс тілінде шолу – https://kase.kz/files/presentations/ru/KZ_Services_RUS_2411_PR.pdf Ағылшын тіліндегі шолу – https://kase.kz/files/presentations/kz/KZ_Services_ENG_2411_PR.pdf [2024-12-04]