KZ
12 шілде 2025, 09:59
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.11.2024 17:44 #Қаржы құралдары

29 қарашадан бастап KASE саудасаттық жүйесі мен деректер базасында "RG Brands" АҚ KZ2C00005924 (RGBRb8) облигациялары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, купонды төлеу кезеңділігі және айналым мерзімі туралы ақпарат өзгертілді

/KASE, 29.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 қарашасынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "RG Brands" АҚ (Алматы) KZ2C00005924 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, RGBRb8; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 5 жыл, ай сайынғы купон, жылдық 10,00%; 30/360) облигациялары бойынша мынадай ақпарат өзгергенін хабарлайды:

  • купондық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері жылдық 10,00-ден 20,00 %- ға өзгерді;
  • купондық сыйақыны төлеу кезеңділігі айына бір реттен жылына екі ретке өзгертілді;
  • айналым мерзімі бес жылдан 10 жылға өзгерді.

Көрсетілген облигациялар шығарылымының аңдатпасы енгізілген өзгертулермен орналастырылды – толығырақ

Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2024 жылдың 29 қарашасында "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "RG Brands" АҚ-ның KZ2C00005924 (RGBRb8) облигацияларының шығарылым аңдатпасын өзгертулермен тіркеді " тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын– толығырақ

[2024-11-29]