29 қарашадан бастап KASE саудасаттық жүйесі мен деректер базасында "RG Brands" АҚ KZ2C00005924 (RGBRb8) облигациялары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, купонды төлеу кезеңділігі және айналым мерзімі туралы ақпарат өзгертілді

29.11.24 17:44
/KASE, 29.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 қарашасынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "RG Brands" АҚ (Алматы) KZ2C00005924 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, RGBRb8; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 5 жыл, ай сайынғы купон, жылдық 10,00%; 30/360) облигациялары бойынша мынадай ақпарат өзгергенін хабарлайды: - купондық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері жылдық 10,00-ден 20,00 %- ға өзгерді; - купондық сыйақыны төлеу кезеңділігі айына бір реттен жылына екі ретке өзгертілді; - айналым мерзімі бес жылдан 10 жылға өзгерді. Көрсетілген облигациялар шығарылымының аңдатпасы енгізілген өзгертулермен орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbrf9_ISIN%20KZC00005924_271124.pdf Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2024 жылдың 29 қарашасында "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "RG Brands" АҚ-ның KZ2C00005924 (RGBRb8) облигацияларының шығарылым аңдатпасын өзгертулермен тіркеді " тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын– https://kase.kz/ru/news/show/1533415/ [2024-11-29]