Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "RG Brands" АҚ KZ2C00005924 (RGBRb8) облигацияларының шығарылым аңдатпасын өзгертулермен тіркеді

29.11.24 17:14
/KASE, 29.11.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "RG Brands" АҚ (Алматы) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылдың 27 қарашасында тіркеген және бұрын берілгеннің орнына берілген KZ2C00005924 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, RGBRb8; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 5 жыл, ай сайынғы купон, жылдық 10,00 %; 30/360) облигацияларының енгізілген өзгертулермен облигациялар шығарылымының аңдатпасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті KASE-ге ұсынды. Аталған құжаттарға сәйкес: - куәлік мөлщерлеменің, айналым мерзімінің, купондық сыйақыны төлеу кезеңділігінің және облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ауыстырылды; - купондық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10,00-ден 20,00 %-ға өзгерді; - купондық сыйақыны төлеу кезеңділігі айына бір реттен жылына екі рет өзгертілді; - айналым мерзімі бес жылдан 10 жылға өзгерді. Аталған облигациялардың шығарылым аңдатпасы өзгертулермен мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbrf9_ISIN%20KZC00005924_271124.pdf [2024-11-29]