KZ
13 шілде 2025, 12:42
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.11.2024 17:00 #Сауда-саттық ақпараты

29 қараша күні Қазақстан қор биржасында Астана қаласы, Ақтөбе және Павлодар облыстарының әкімдіктері 21,6 млрд теңге тартты

/KASE, 29.11.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының үш шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды:

1) Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001931 (ABK114_193; 1 000 теңге, 13 781 108 000 теңге; 26.09.24 – 31.03.34; жылдық купон, жылдық 0,02 %; 30/360) облигацияларын 9,0 млрд теңгеге;

2) Астана қаласының жергілікті атқарушы органының KZZJ00000144 (ASK116_014; 1 000 теңге, 24 719 780 000 теңге; 05.08.24 – 31.03.34; жылдық купон, жылдық 0,02 %; 30/360) облигацияларын 9,2 млрд теңгеге;

3) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000952 (PVK116_095; 1 000 теңге, 12 787 780 000 теңге; 05.08.24 – 31.03.34; жылдық купон, жылдық 0,02 %; 30/360) облигацияларын 3,4 млрд теңгеге.

Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында шығарылды.

[2024-11-29]