02 желтоқсаннан бастап Қазақстанда қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00012698 (BTRKb17) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

29.11.24 16:51
/KASE, 29.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 02 желтоқсанынан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00012698 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb17; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 28.11.24-28.03.26; жартыжылдық купон, жылдық 13,89%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/BTRKb17/ [2024-11-29]