"Fincraft Group" ЖШС-нің жалғыз қатысушысы 2023 жылғы таза кірісті бөлмеу туралы шешім қабылдады

29.11.24 11:51
/KASE, 29.11.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) жалғыз қатысушының 2024 жылдың 28 қарашасындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады: - серіктестіктің 2023 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін; - серіктестіктің 2023 жылға аудиттелген жеке қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2023 жылдағы қызмет қорытындылары бойынша таза кірісті бөлмеу және дивидендтер төлемеу. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/NCOM/ncom_decision_sole_281124_165.pdf [2024-11-29]