/KASE, 29.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
02 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard" АҚ
(Алматы) KZ2P00012578 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты,
MFBLb4) облигацияларын төмендегі шарттарда (Астана қ.уақыты) оларға
жазылу арқылы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі –
Сатушы) әрекет етеді.
--------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2P00012578
KASE сауда-саттық коды: MFBLb4
Номиналды құны, теңге: 1 000
Шығару көлемі, теңге:
- тіркелген: 2 000 000 000
- орналастырылған (номинал бойынша): –
Айналымның басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша
алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты
өткізу күні
Айналымның соңғы күні: кейінірек анықталады
Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады
Өтінім беру мерзімі: 2 жыл (720 күн)
Купон мөлшерлемесі: жылдық 21,00 %
Купондарды төлеу мерзімділігі: жылына 4 рет
Купонды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады
Уақыттық база: 30 / 360
-------------------------------------------- -----------------------------------
Жазылым күні: 02.12.24
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге: 200 000 000
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:30
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 02.12.24, 14:00
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 02.12.24, 14:00
--------------------------------------------------------------------------------
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай
мәліметтер кіреді:
1)жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы;
2)Жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН;
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері
арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына
сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/ru/membership
Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарға жазылу ережесі сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFBLb4
[2024-11-29]