/KASE, 29.11.24/ – Қазақстан қор биржасының Индекстер мен индикаторлар
жөніндегі комитеті (KASE) Қор нарығының индекстері мен индикаторларын
есептеу әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес 2024 жылдың 01 желтоқсанынан
бастап KASE_ ESGB* сериясының индикаторларын есептеу үшін келесі
өкілдік тізімді анықтады:
1) KZ2P00011364 (ACARb1) "A-cars" ЖШС;
2) KZ2P00010317 (BKBTb1) "Black Biotechnology (Блэк
Биотехнолоджи)" ЖШС;
3) KZ2C00009637 (BRKZb32) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ;
4) KZ2C00008068 (FRMPb3) "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ;
5) KZX000001870 (JETGe1) JET Group Ltd. ЖК;
6) KZ2C00011658 (JSBNb2) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ
банкі" АҚ;
7) KZ2C00011740 (JSBNb3) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ
банкі" АҚ;
8) KZ2C00007797 (KEGCb4) "KEGOC" АҚ:
9) KZ2P00010119 (KZWEb1) "KazWind Energy" ("КазВинд Энерджи") ЖШС;
10) KZ2P00010226 (MFACb2) "Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС;
11) KZ2C00009769 (MFOKb11) "ОнлайнКазФинанс" МҚҰ" АҚ.
Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.
Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE экология, қоршаған ортаны қорғау
және әлеуметтік маңызы бар жобалар (ESG облигациялар) саласындағы
жобаларды қаржыландыруға бағытталған тұрақты даму облигацияларының
индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімді қайта қарайды.
Көрсетілген облигациялардан KASE_ ESGB* индекстер сериясы
мыналарды қамтиды:
- KASE_ESGB_CP – негізгі және баламалы алаңның KASE ресми тізімінің
ESG облигацияларының "таза" бағасының индексі;
- KASE_ESGB_DP – негізгі және баламалы алаңның KASE ресми тізімінің
ESG облигацияларының "таза емес" бағасының индексі;
- KASE_ESGB_Y – ESG облигациялар индексінің кірістілік индикаторы;
- ESG облигациялар индексінің ұзақтығы.
2024 жылдың 01 желтоқсанынан бастап KASE_ ESGB* сериясы
индикаторларының өкілдік тізімі өзгермейді және 11 атаудағы
облигациялардан тұратын болады.
Көрсетілген индикаторларды KASE интернет-сайтында мына сілтеме
бойынша көруге болады
https://kase.kz/ru/stock_market/esgb/CP/
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
қолжетімді
http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2024-11-29]