KASE "Азиялық Несие Қоры" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның "Эмитент күнін" өткізді

28.11.24 12:05
/KASE, 28.11.24/ – 2024 жылдың 27 қарашасында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эмитент күні" жобасы аясында "Азиялық Несие Қоры" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның басшылығының инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен кездесуін өткізді. Кездесу барысында "Азиялық Несие Қоры" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның басқарма төрайымы Жанна Жакупова 2024 жылдың тоғыз айының қаржылық нәтижелерін ұсынып, компания қызметінің нәтижелері туралы айтып берді, сонымен қатар компанияның стратегиялық жоспарларымен, оның ішінде KASEде облигацияларын шығару жоспарларымен, бөлісті. Іс-шара туралы ақпарат орналастырылған – https://kase.kz/ru/events/show/2024/akf_2024/ [2024-11-28]