/KASE, 26.11.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 25 қарашасында "Береке"
МҚҰ" АҚ (Семей) KZ2C00012581 (MFBRb1; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге;
3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларының
баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне
енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 26 қарашасынан
бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFBRb1/
[2024-11-26]