/KASE, 22.11.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана)
KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 22 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде
былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ҚМГ",
"Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы тәуелсіз
аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері
есебімен, 2024 жылы 30 қыркүйекте аяқталған үш және тоғыз айдағы
34 "Аралық қаржылық есептілік" халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған аралық қысқартылған
шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады.
2023 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2024 жылдың тоғыз
айындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер:
- Түсім 6 088 млрд теңгемен (13 440 млн АҚШ долл.) салыстырғанда
6 349 млрд теңгені (13 838 млн. АҚШ долл.) құрады.
- EBITDA көрсеткіші 1 679 млрд теңгемен (3 706 млн АҚШ долл.)
салыстырғанда 1 601 млрд теңгені (3 490 млн АҚШ долл.) құрады.
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың
пайдасындағы үлесті қоса алғанда, компанияның таза пайдасы 946 млрд
теңгемен (2 089 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 867 млрд теңгені
(1 890 млн АҚШ долл.) құрады.
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың
пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда 2 597 млрд теңгемен
(1 317 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 1 018 млрд теңгеге (2 220 млн АҚШ
долл.) жетті.
- Бос ақша ағымы 458 млрд теңгемен (1 010 млн АҚШ долл.)
салыстырғанда 1 012 млрд теңгені (2 207 млн АҚШ долл.) құрады.
- 2024 жылғы 30 қыркүйектегі жалпы қарыз 2023 жылғы 31 желтоқсандағы
3 757 млрд теңге (8 265 млн АҚШ долл.) мөлшеріндегі көрсеткішпен
салыстырғанда 3 819 млрд теңге (7 938 млн АҚШ долл.) құрады.
- 2024 жылғы 30 қыркүйектегі компанияның таза қарызы 2023 жылғы
31 желтоқсандағы 1 645 млрд теңге (3 620 млн АҚШ долл.) деңгейіндегі
көрсеткішпен салыстырғанда 1 260 млрд теңгені (2 619 млн АҚШ долл.)
құрады.
* Сомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы
бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2024 және 2023 жылдардың 9
айындағы орташа бағам, тиісінше, 458,79 және 452,97 теңге/АҚШ долларын
құрады; кезең соңындағы бағам – 2024 жылғы 30 қыркүйекте және 2023
жылғы 31 желтоқсанда тиісінше 481,19 және 454,56 теңге/АҚШ долларын
құрады).
** Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың
пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайда = таза пайда + бірлескен
кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус
бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың
пайдасындағы үлес.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_221124_kz_1.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_221124_rus_1.pdf – орыс
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_221124_en_1.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-11-22]