/KASE, 22.11.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың
22 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Алматы, 22 қараша 2024 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Kcell"
немесе "Қоғам") (KASE, KCEL) - Қазақстанның телекоммуникациялық
нарығындағы ұялы байланыстың ірі операторларының бірі, Fitch Ratings
халықаралық рейтингтік агенттігінің Kcell кредиттік рейтингінің ағымдағы
деңгейін растағанын хабарлайды.
Талдаушылардың есебіне сәйкес Kcell кредиттік рейтингінің ағымдағы
деңгейі ("ВВ+", болжамы "Тұрақты") компанияның ұялы байланыс
нарығындағы күшті позицияларына, берешектің салыстырмалы төмен
деңгейіне және "Қазақтелеком" АҚ бас компаниясымен елеулі стратегиялық
байланыстарға негізделген.
Сарапшылардың айтуынша, 4G инфрақұрылымының белсенді дамуы және
5G желісінің құрылысы күрделі шығындардың өсуіне және капиталға
қажеттілікке әкеліп, бұл компанияның борыштық жүктемесінің ұлғаюына
әсер етеді. Алайда EBITDA-ға 1,4 деңгейіндегі таза берешектің ағымдағы
деңгейі беріктіктің елеулі қорына ие. 2025-2027 жылдары инвестициялардың
одан әрі өсуі бойынша сарапшылардың болжамдарын ескере отырып, Kcell
берешек коэффициенті ұлғаюы мүмкін, бірақ ағымдағы рейтинг деңгейі үшін
рұқсат етілген шекте.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs_221124_kaz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs_221124_1.pdf – орыс
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs_221124_eng.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-11-22]