25 қарашадан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің KZKD00000907 (MUM120_0018) облигациялары бойынша KASE маркет-мейкер мәртебесіне ие болды

22.11.24 15:15
/KASE, 22.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылғы 25 қарашадан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) оның өтініші негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің KZKD00000907 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, MUM120_0018) облигациялары бойынша KASE маркет-мейкер мәртебесі берілді. Осылайша, көрсетілген күннен бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ KASE-де маркет-мейкер міндетін атқаратын мемлекеттік бағалы қағаздар пулына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мынадай облигациялары кіретін болады: 1) KZKD00001210 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, MUM072_0014); 2) KZKD00001228 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, MUM096_0014); 3) KZKD00000907 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, MUM120_0018); 4) KZKD00000873 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, MUM132_0006); 5) KZKD00001152 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, MUM132_0007). [2024-11-22]