/KASE, 22.11.24/ – 2024 жылдың 21 қарашасында Қазақстан қор биржасы
(KASE) "Эмитент күні" жобасы шеңберінде "KEGOC" АҚ басшылығының
инвесторлармен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушыларымен кездесуін өткізді.
Кездесу барысында "KEGOC" АҚ басшылығы қызметтің операциялық және
қаржылық нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ 2024 жылдың тоғыз айындағы
негізгі оқиғалар, ұлттық электр желісін дамыту жөніндегі жобаларды іске
асыру және компанияның 2032 жылға дейінгі даму перспективалары мен
стратегиясы туралы айтып берді.
Іс-шараға спикерлер ретінде "KEGOC" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі
басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева және "KEGOC"АҚ Стратегия және
тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры Эльвира Қонақбаева қатысты.
"KEGOC" АҚ өкілдері компанияның бірнеше негізгі инвестициялық
жобаларын атап өтті: Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық
жүйесінің (БЭЖ) оңтүстік аймағының электр желісін күшейту, Батыс
Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру жобасы,
Астананың сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту жобасы,
сондай-ақ жоғары вольтты электр беру желілерін қайта құру жобасы.
Іс-шара туралы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/ru/events/show/2024/kegoc_november_2024/
[2024-11-22]