/KASE, 22.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) сапа, ашықтық және
жауапкершілік бойынша танылған халықаралық нормаларды сақтау
мақсатында Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық
ұйымының (IOSCO) "Қаржы индикаторлары үшін негіз қалаушы қағидаттар"
құжатына сәйкестігіне қор және ақша нарықтарының индекстері мен
индикаторларын есептеу жөніндегі өз қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізді.
Индикаторларды есептеу жөніндегі қызмет бөлігінде IOSCO қағидаттарына
сәйкестік деректердің ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді, нарық
қатысушыларының сенімін нығайтады, халықаралық стандарттарға сәйкес
келеді және нарықты жаһандық инвесторлар үшін тартымды етеді. Сонымен
қатар, мұндай сәйкестік манипуляциялар мен қателіктер қаупін азайтады,
есептеулердің жоғары сапасын қолдайды және реттеушілермен өзара
әрекеттесуді жеңілдетеді.
Бүгінгі таңда KASE 33 Индекс пен индикаторды есептейді және жариялайды,
соның ішінде:
- қор нарығының 21индексі: KASE Индексі, ESG облигациялардың индекстері,
мемлекеттік және корпоративтік облигациялардың индекстері;
- Ақша нарығының 10 индексі: TONIA, TRION, SWAP-1D және SWAP-2D,
TONIA Compounded және басқалар;
- екі композиттік индекс – Money and Bond Market Index және Money
Market Index.
Осы уақиғаға арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-ресурсында
жарияланды:
-
https://kase.kz/files/press/ru/21_11_2024_iosco_2024_rus.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/21_11_2024_iosco_eng.pdf – ағылшын тілінде.
[2024-11-22]