АНОНС: 26 қарашада KASE "Ring the Bell for Climate 2024" сауда саттықтың ашылу рәсімін және "Carbon Markets: A Tool in the Climate Transition" пікірталасын өткізеді

21.11.24 14:24
/KASE, 21.11.24/ – 2024 жылдың 26 қарашасында Қазақстан қор биржасы (KASE) Дүниежүзілік биржалар Федерациясының жаһандық бастамасы шеңберінде "Ring the Bell for Climate 2024" сауда-саттықтың салтанатты ашылу рәсімін өткізеді. Іс-шара барысында "Carbon Markets: A Tool in the Climate Transition" тақырыбында панельдік пікірталас өткізіледі, онда жетекші сарапшылар көміртегі нарықтарының төмен көміртекті экономикаға көшудегі рөлін талқылайды. Іс-шара климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық бастамаларды қолдауға арналған. [2024-11-21]