/KASE, 19.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
21 қарашасында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы
қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "KEGOC" АҚ
басшылығымен кездесу өтетінін хабарлайды.
Іс-шараның басталуы-Алматы қ.уақыты 11:00, Өтетін орны: Алматы қ.,
Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік
мұнарасы, 1-қабат, KASE баспасөз бөлмесі.
Кездесу барысында "KEGOC" АҚ өкілдері 2024 жылдың үшінші тоқсаны мен
тоғыз айындағы операциялық және қаржылық нәтижелермен таныстырады,
сондай-ақ ұлттық электр желісін дамыту жөніндегі жобалардың іске
асырылуы, компанияның болашағы мен даму стратегиясы туралы
әңгімелейді. Сарапшылар мен қаржы сарапшылары "KEGOC" АҚ-ның
қаржылық жағдайын бағалауды және компания акцияларының құны
бойынша болжамдарды ұсынады.
Іс-шара спикерлері:
- Айгүл Әкімбаева, "KEGOC" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі
басқарушы директоры;
- Эльвира Қонақбаева, "KEGOC" АҚ Стратегия және орнықты даму
жөніндегі басқарушы директоры;
- Замира Сундетова, "SkyBridge Invest" АҚ Басқармасының Төрацымы;
- Роман Асильбеков, " Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk
Finance" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
- Бауыржан Төлепов, Басқарма мүшесі, "First Heartland Jusan Invest"АҚ
Басқарма төрағасының орынбасары;
- Сұлтан Жұмағали, "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC
Invest" АҚ талдау және зерттеулер департаментінің директоры;
- Ансар Әбуев, "Фридом Финанс" АҚ инвестициялық талдаушысы.
Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет
https://us06web.zoom.us/meeting/register/tZIufu6hrT0tG9cQ8Gzp5s2ji4WDX_2KJgYs#/registration
[2024-11-19]