14 қарашадан бастап жаңа редакциядағы Биржалық симулятор оқу конкурсын өткізу ережелері қолданысқа енгізілді

18.11.24 15:17
/KASE, 18.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Басқармасының 2024 жылдың 14 қарашасындағы шешімімен 2024 жылдың 14 қарашасынан бастап қолданысқа енгізілген "Биржалық симулятор оқу конкурсын өткізу ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжаты жаңа редакцияда бекітілді. Ережелердің жаңа редакциясы құжат мәтінін өзектендіру және конкурсқа қатысушыларды адал мінез-құлыққа оқыту шеңберінде бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау белгілерінің болуына конкурсқа қатысушылардың іс-әрекеттерін мониторингілеу және талдау процестерін нақтылау мақсатында әзірленді. Конкурсқа қатысу үшін биржалық симуляторды тіркеу тек KASE Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатынын қосымша хабарлаймыз. 2024 жылдың 14 қарашасынан бастап қолданыстағы редакциядағы Ережелердің күші жойылды деп танылды. Ережелердің жаңа редакциясы KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/rules_other/ [2024-11-18]