/KASE, 12.11.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (Алматы) KASE-ге
жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Teniz Capital Investment Banking Bank RBK үшін 27 млрд теңгеден астам
қаражат тартты
"Teniz Capital Investment Banking" АҚ "Банк RBK" АҚ дисконттық
облигацияларын орналастыру кезінде андеррайтер рөлін атқарды
(INBNb15, ISIN – KZ2C00011336 тикері).
2024 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында орналастырудың
бірнеше кезеңдері барысында 27 132 377 000 теңге тартылды.
Орналастырылған облигациялардың жалпы көлемі Bank RBK қаржылық
базасын нығайтуға ықпал етеді және инвесторлардың жоғары сұранысын
көрсетеді.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/9686-kz-press-reliz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_111124_576.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/6248-eng-press-reliz.pdf – ағылшын тілінде.
[2024-11-12]