12 қарашадан бастап "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС
KZ2P00011802 (MFAFb8) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық
тәртіптемесіне ауыстырылатын болады
11.11.24 15:44
/KASE, 11.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
12 қарашасынан бастап "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы)
KZ2P00011802 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар"
санаты, MFAFb8; $100; 3 3,0 млн; 22.08.24 – 22.06.25; 30/360) дисконттық
облигациялары "таза" бағалар сауда-саттық тәртіптемесіне
ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ
доллары.
[2024-11-11]