09 желтоқсанда "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

08.11.24 16:14
/KASE, 08.11.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 09 желтоқсанында сырттай дауыс беру арқылы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетінін, оның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілетінін KASE-ге хабарлады: 1."Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы. 2."Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу жөнінде шешім қабылдау туралы. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ- ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы. 3.2025 – 2027 жылдары атқарылатын қызметті қорытындылау үшін "Қазақстан Халық Банкі" АҚ қаржылық есептілігіне аудит жүргізуге аудиторлық ұйымды айқындау туралы. 4."Қазақстан Халық Банкі" АҚ акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығын қолданбай орналастыру (өткізу) тәртібін, шекті санын және мерзімін айқындау туралы.Информация о проведении указанного собрания размещена: - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_081124_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_081124_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_081124_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-11-08]